Венгрияда парламент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша, премьер-министр Виктор Орбанның биліктегі "Фидес" партиясы жеңіп тұр. Соңғы мәлімет бойынша, Орбанның партиясы сайлауда 69,1 пайыз дауыс жинап, оңшыл "Йоббик" партиясы мен солшыл центристік социалистерден басым түсті.
"Фидес" партиясы анық жеңген жағдайда Виктор Орбанның үшінші мерзімге премьер-министр болуына мүмкіндік туады.
Венгрияда дауыс беру құқығына ие 8,3 миллион азамат бар. Олар сайлау округі және партиялық тізім бойынша берілетін екі бюллетень арқылы парламентке 199 депутат сайлайды. Шетелде тұратын Венгрия азаматтары электрондық пошта арқылы тек партиялық тізім бойынша ғана дауыс береді.
Оппозициялық партиялар "Фидестің" жеңуі автократ Орбанның Конституцияға өзгерістер енгізіп, азаматтық ұйымдарды қудалауына және биліктегі ықпалын одан ары күшейтуіне жол ашады деп алаңдайды.