Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып бара жатқанын және ол алаңдаушылық туғызбай қоймайтынын мәлімдеді.
"Дегенмен, бәрібір түбінде парасаттылық үстемдік құрады, халықаралық қатынастар конструктивті арнасына түседі және әлемдік жүйе бұрынғыдан да тұрақты әрі болжауға болатындай қалыпқа келеді деп үміттенеміз" деді Путин шетел елшілерінің өзіне сенім грамотасын тапсыру салтанатында.
11 сәуірде бұдан бұрынырақ АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Сирияның Дума қаласындағы ықтимал химиялық шабуылға жауап ретінде зымыран соққысын беруге дайын болуға шақырып, сес қылған. Болжам бойынша, соққы бірер күнде жасалуы мүмкін. Осыған байланысты Сирияның үкімет әскері Хмеймимдегі Ресей әскери базасына көшірілді. Сонымен қатар, Башар Асад әскерінің бас штабы да эвакуацияланды.