Accessibility links

Жээнбеков: Қырғызстан парламенттік демократияға өтеді


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Еуропа комиссиясының басшысы Дональд Тускпен кездесіп тұр. Брюссель, 12 сәуір 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Еуропа комиссиясының басшысы Дональд Тускпен кездесіп тұр. Брюссель, 12 сәуір 2018 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Брюссельде Еуропа Одағының басшыларымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қырғызстанның Еуропа комиссиясындағы тұрақты өкілі әрі Еуропаның бірнеше мемлекетіндегі елшісі Асеин Исаев келіссөзде ЕО-мен ынтымақтастың кейбір бағыты туралы айтып берді.

"Ең бастысы – президент парламенттік демократияға өтетінімізді айтты. Бұл жәйт өте қызықты, негізінде осыған басымдық беріліп отыр. Олар (ЕО басшыларын айтады - ред.) президенттің экономиканы емес, саясатты бірінші кезекке қоюын қолдап жатыр. Егер саяси мәселелер шешілсе, басқасы да, оның ішінде экономикалық мәселелер де реттеледі. Қазір жаңа келісімдер қаралып жатыр. Бізге оны екі жарым жылда аяқтауды тапсырды. Жаңа құжаттар біздің Еуропамен ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтереді" деп мәлімдеді Исаев.

Ол Жээнбеков кездесу барысында демократия мен адам құқығын қорғау жолынан тайқып кетпейтінін мәлімдегенін айтты.


XS
SM
MD
LG