АҚШ-тың Сауда өкілдігі Үндістан, Индонезия және Қазақстанның Жинақталған преференция жүйесіне (GSP) қатысуды қайта қарайтындарын хабарлады. АҚШ үш ел жүйенің талаптарына сай келмейді деп күдіктенеді. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі мүше елдермен келісе отырып, GSP жүйесінің жаңа принциптерін қабылдаған.
АҚШ-тың Сауда өкілдігі Қазақстанның Жинақталған преференция жүйесіндегі жұмысшылар құқығына қатысты талапты орындамай отырғанын алаңдайды.
Петицияда Қазақстан жұмысшыларға кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қауымдастығын құруда жұмысшылар құқығын бұзып отыр деп көрсетілген.
"Қазақстан, Үндістан, Индонезияның жүйеге мүшелігін қайта қарауға себеп болған мәселені шешуге көмектеседі деп үміттенеміз" деді АҚШ сауда өкілдігінің өкілі Джеффри Герриш.
Қазақстан, Үндістан, Индонезияның Жинақталған преференция жүйесіне қатысуын қайта қарауға қатысты қоғамдық тыңдау алдағы уақытта АҚШ-тың сауда өкілдігінің Federal Register бюллетенінде жарияланады.