Accessibility links

БЖЗҚ экс-басшысы сотталды


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев 12 жылға сотталды. Сот шешімімен Ерденаев өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды. Ол "қор қаржысын талан-таражға салды және пара алды" деп айыпталған. Соңғы отырыс 18 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

9 сәуірде өткен сот отырысында прокурор Руслан Ерденаевты 12 жылға соттауды, "қылмыстық жолмен тапқан 235 миллион теңге қаржысын" тәркілеуді және мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыруды сұраған.

Бұл іс бойынша сот 2017 жылы 15 қарашада басталған. Былтыр 2 қарашада болған алдын ала сот тыңдауында Руслан Ерденаевтің "айыбын мойындағаны" хабарланған.

БЖЗҚ-да жұмыс істейтін, зейнет жасына толмаған қазақстандықтардың міндетті зейнетақы жарнасы жиналады. Қор активтерін инвестициялау операцияларын тексеру 2016 жылы 21 желтоқсанда басталған.

XS
SM
MD
LG