Accessibility links

Трамп: Солтүстік Корея мәселесінің шешілуіне әлі ерте


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысының "шешімін табуға әлі ерте" екенін мәлімдеп, Пхеньяннің ядролық және зымыран сынағын уақытша тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты оптимистік көңіл-күйді басты.

"Біз Солтүстік Корея мәселесін шешуден әлі алыс тұрмыз. Мүмкін, барлығы реттеліп кетер, бәлкім реттелмес: тек уақыт төреші. Бірақ менің қазір жасап жатқанымды баяғыда-ақ жасау керек еді" деп жазды Трамп Twitter-де.

Жексенбіде Оңтүстік Кореяда соңғы он жылдағы Солтүстік Корея мен АҚШ басшыларының алғашқы кездесуіне дайындық қызу жүргізіліп жатқаны хабарланған. Кездесудің қашан және қайда өтетіні туралы әзірге ресми мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG