Канаданың Торонто қаласында фургон көлігі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан топ адамды қағып, 9 адамды мерт қылды, 16 адам ауыр жараланды. Полиция көлік жүргізушісін ұстап, кейін оның аты-жөні Алек Минассян екенін және оның Торонто тұрғыны екенін хабарлады.
Полиция қайғылы оқиға оқиға болған аудан бірнеше күнге жабылатынын, жақын көшелердегі көлік қозғалысы өзгеретінін мәлімдеді.
"Кешенді тергеу жүргізу керек. Бір адам тұтқындалды, тергеу жүргізіліп жатыр" деді Торонто полициясы басшысының орынбасары Петер Юэн.
Канаданың қоғамдық қауіпсіздік министрі Ральф Гудел оқиғаның терроризммен байланысы туралы айтуға әзірге ерте екенін мәлімдеді.
Көік жүргізушісі әуелде қашып үлгергенімен, кейін ұұсталды.
Оқиғаға куә болғандардың бірінің айтуынша, жүргізуші көлігімен жаяу жүргіншілер жолына шығып, адамдарды қағып, таптап өткен, сосын қайтадан артқа түсіп, қайтадан алға жүрген.