Accessibility links

Помпео Таяу Шығыста Иран жайын талқыламақ


Майк Помпео.
Майк Помпео.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өзінің Таяу Шығысқа сапарында Иранның зымыран бағдарламасына көмектескен жеке адамдар мен компанияларға жаңа санкция жариялау жайын талқыламақшы.

Бұл туралы мемлекеттік хатшының саяси мәселелер бойынша жоғарғы кеңесшісі Брайан Хук хабарлады. Осы сапарда мемлекеттік хатшы делегациясы құрамында жүрген Хук "Біз әлемдегі барлық елдерді еуропалықтармен арада айтысқа да себепші болған Иранның зымыран бағдарламасына қатысты кез-келген жеке тұлғалар мен ұйымдарға қарсы жаңа санкциялар енгізуге шақырамыз,"- дейді.

Оның айтуынша, Тегеранның зымыран бағдарламасы аймақта шиеленістің сақталуына себеп болады және АҚШ-тың экономикалық мүддесі, Сауд Арабиясы және Израильге қатер төндіреді.

Мемлекеттік хатшы қызметіне енді кіріскен Помпео қазір Эр-Риядта жүр. Бұдан алдын Брюсселде НАТО сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысқан ол осы сапарында Иерусалим мен Амманға да бармақшы.

XS
SM
MD
LG