"Хезболла" шиит ұйымы мен оның саяси одақтастары Ливан парламентіндегі орындардың негізгі бөлігін алды. Бұл 2009 жылдан бері өтіп тұрған алғашқы парламент сайлауының алдын-ала қорытындысынан белгілі болған.
Ливан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сайлаушылардың 50 пайызы дауыс берген. 2009 жылы сайлауда бұл көрсеткіш 54 пайызды құраған.
"Хезболла" әскери ұйым болып саналады. Ұйым Ливанда Ирандағыдай ислам мемлекетін құрғысы келеді. "Хезболланы" Тегеран қаржыландырды.
Былтырғы қазан айында АҚШ "Хезболлаға" қарсы санкцияны күйшейтуге қатысты заң шығарып, оны террористік ұйым деп таныған. Ресейде "Хезболла" заңды қоғамдық-саяси ұйым ретінде қабылданады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?