Accessibility links

Мәскеуде Латвия елшілігіне шабуыл жасалды


Мәскеудегі Латвия елшілігіне жасалған шабуыл. 9 мамыр 2018 жыл.
Мәскеудегі Латвия елшілігіне жасалған шабуыл. 9 мамыр 2018 жыл.

Мәскеуде Латвия елшілігіне шабуыл жасалып, шабуылға күдікті екі адам ұсталды. Бұл туралы Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Twitter-де хабарлады.

Ринкевич Рига Ресей Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық өкілдіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп, нота жолдады.

DELFI сайтының Латвия сыртқы істер министрлігі өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 9 мамыр күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 17:30-да болған. Елшілікке бес адам жақындап барып, ғимаратқа түтіндейтін құты лақтырған. Қастық жасағандардың бірі елшілік ғимаратына қара бояумен жазу жазып кетпек болған.

"Интерфакс" агенттігі елшілік жанында ұсталғандардың тіркелмеген "Другая Россия" партиясының белсенділері екенін хабарлады. Сот олардың ісін 10 мамырда қарамақ.

XS
SM
MD
LG