Accessibility links

Тәжікстанда тыйым салынған партия ақпаратына "лайк" басқан адам сотталды


Тәжікстандағы Хатлон облыстық сотының ғимараты.
Тәжікстандағы Хатлон облыстық сотының ғимараты.

Тәжікстанда билік тыйым салған Ислам өркендеу партиясы (ТИҚП) мүшелерінің шетелдегі кездесуі туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеоматериалдарға "лайк" басып, өзге қолданушылармен бөліскені үшін айып тағылған Алиджон Шарипов есімді азамат 9,5 жылға түрмеге қамалды. Сот оны "Тәжікстан Республикасының мемлекеттік құрылысын күштеп өзгертуге БАҚ немесе интернетті пайдаланып жария түрде шақырғаны" үшін айыпты деп таныған.


Азаттықтың Тәжік қызметі танысқан Хатлон облыстық сотының материалдарында ешқандай партияға мүше емес деп сипатталған 32 жастағы Алиджон Шариповтің "Ресейде еңбек мигранты бола жүріп, қуғындағы ТИҚП саяси кеңесінің жиындары туралы видеосюжеттерді, осы партияның жетекшісі Мухиддин Кабири мен бұынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың бейнебаяндарын әлеуметтік желілерде үнемі қарап, оларды қолдайтынын білдіріп "Like", "Класс" деген белгілер қойғаны және желі қолданушы өзге адамдармен бөліскені" айтылған.

Шариповке сәуірдің соғында шығарылған сот үкімі мамырдың 9-сы күні күшіне енген. Туыстарының айтуынша, Шарипов Ресейде жұмыста жүргенде әлеуметтік желілерде видеоматериалдарды көргенін және өзге қолданушылармен бөліскенін мойындаған. Бірақ ол іс-әрекетінің Тәжікстан заңына қайшы екенін білмегені туралы мәлімдеген.

"Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды", - деген сотталушының ісін қараған судья Темур Бойзода.

XS
SM
MD
LG