Accessibility links

Ташкент – Ходжент бағыты бойынша автобустар қайта жолға шықты


Ташкент - Ходжент бағыты бойынша автобус жүріп барады. 15 мамыр, 2018 жыл
Ташкент - Ходжент бағыты бойынша автобус жүріп барады. 15 мамыр, 2018 жыл

26 жыл үзілістен соң Ташкент – Ходжент бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар жұмыстарын қайта бастады. 15 мамырда Тәжікстанның Ходжент қаласындағы “Рохи абрешим” (“Жібек жолы”) автовокзалына келген автобустың алғашқы жолаушылары мемлекеттік орган өкілдері, көлік компанияларының қызметкерлері, туристер мен журналистер болған.

Автобустан түскен делегацияны Соғды облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары Рустам Рахматзода қарсы алған. Бағыттың қайта іске қосылуына арналған салтанатты шарада келесі аптадан бастап автобуспен Душанбеден Өзбекстанның Термез қаласына дейін баруға болатыны айтылды.

Өзбекстанның көлік министрлгінің өкілі Хайрулло Каримовтың айтуынша, үкіметаралық келісімге сәйкес, жақын арада Душанбе – Денау, Пенжикент – Самарқанд, Ташкент – Ферғана бағыттары бойынша тағы да автобус рейстері іске қосылады.

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы жолаушыларды тасымалдау бойынша "Манзара тузим" өзбек компаниясы мен Asian express тәжік компаниясы қызмет көрсетеді.

Ходжент – Ташкент бағыты бойынша автобус билетінің бағасы 50 сомони (шамамен 5,5 АҚШ доллар), алайда компания өкілдері алдағы уақытта оның бағасы қайта қарастырылуы мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG