Accessibility links

Президент байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайтуды айтты


Астана экономикалық форумы. 22 мамыр 2013 жыл
Астана экономикалық форумы. 22 мамыр 2013 жыл

Мамырдың 17-сі күні Астана экономикалық форумы басталды. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және әртүрлі елдерден келген саясаткерлер, зерттеушілер, кәсіпкерлер қатысып жатыр. Олардың арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун, Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди бар.

Пленарлық форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем бойынша байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің күрт өсіп кеткенін айтқан.

- Аутсайдер-елдеріндегі мәселелер табысты елдердің жайлы өмір сүруіне барған сайын қауіптерін төндіріп отыр. Меніңше, мұны ұмытпау керек. Бұл мемлекеттік шекарамен шектелмейтін көші-қон, экстремизм, терроризм, экологиялық апаттар арқылы көрініс тауып отыр. Осыған орай, әлеуметтік қайшылықтардың қайнар көзінің бірі - кедейлер мен байлардың табыс айырмашылықтарын азайту жағы маңызды болып барады, - деді Назарбаев.

Ол әлемдегі ең бай 62 адамның активтер құны бүкіл Жер шары халқының жартысының табысымен теңескенін айтып, мұндай даму бағыты түрлі мәселелерге алып келетінін айтқан.

Форумда президент елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына да тоқталған.

- Қазақстан белсенді түрде әлеуметтік саясат жүргізіп келеді. Елдегі кедейшілік деңгейі 13 есе – 40 пайыздан 3 есеге азайды. Жұмыссыздық дейгейі бес пайыздан төмен, - деді Назарбаев.

Форум қатысушылары біртұтас экономика және әлемдік стратегия, ресурстар мен таза энергия, цифрландыру, болашақ ақшасы, ғаламдық қауіпсіздік пен урбанизация мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

Бұл форум биыл 10-рет ұйымдастырылып отыр.

XS
SM
MD
LG