Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кісі қолынан қаза тапқан "ресейлік журналист Аркадий Бабченко өлімінің артында Мәскеу тұр" делінген Украина мәлімдемесін жоққа шығарды. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лавров Киев ұстанымын антиресейлік компанияның бір бөлігі деп атаған.
Бабченко мамырдың 29-ында Киевте белгісіз адамдардың оғынан қаза тапқан еді. 41 жастағы журналист қазасы Мәскеу мен Киев қарым-қатынасын ушықтыра түсті. Бұдан бұрын екі ел арасы Ресей Қырым түбегін аннексиялап, Мәскеу Украина шығысындағы соғыста сепаратистерді қолдағанда шиеленіскен.
Бабченко қазасы туралы хабардан бір-екі сағат өткенде Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман Facebook парақшасында: "Ресейлік тоталитарлық машина оның адалдығы мен принципиалды ұстанымын кешіре алмағандығына сенімдімін," - деп жазып қойған.
Лавров Үкраина үкіметі басшысының мәлімдемесін "халықаралық істердегі өкініш тудыратын сән" деп атады.
Киев полициясы Бабченко қазасын оның кәсіби қызметімен байланыстырған.
Ресейдің тергеу комитеті Бабченко өліміне байланысты тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР