Accessibility links

Қырғызстанда парламент депутатына іздеу жарияланды


Аскарбек Шадиев, Қырғызстан парламентінің депутаты.
Аскарбек Шадиев, Қырғызстан парламентінің депутаты.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) парламент депутаты Аскарбек Шадиевке іздеу жариялады.

Ведомство мәліметіне қарағанда, Шадиев 27 сәуірде - өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалатыннан бір күн бұрын Баткен облысының Исфана қаласына туысының қазасына барған. Депутат одан ары Лейлек ауданының Арка ауданындағы өзен арқылы мемлекеттік шекараны кесіп, Тәжікстанға өтіп кеткен.

28 сәуірде үстінен іс қозғалған соң Шадиев дипломатиялық паспортын пайдаланып, Худжанттан Мәскеуге, одан ары Нью-Йоркке ұшып кеткен.

31 мамыр күні Аскарбек Шадиевке сырттай "қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану" бабы бойынша айып тағылды. Сол күні Бішкектің Первомай аудандық соты оған қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы сырттай шешім шығарды.

Бірер күн бұрын Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сагынбаев Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап, Шадиевтің Қырғызстан аумағынан шықпағанын хабарлаған еді. "Егер ол Қырғызстаннан шығып кеткен болса, оған шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша айып тағылады" деген Сағынбаев.

28 сәуірде Бас прокуратура Аскарбек Шадиевтің үстінен парламент бюджетінен ТМД парламентаралық ассамблеясының Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлығына бөлінген 2 миллион 61 мың сом (30 мың доллардан астам) иелену ісі бойынша іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG