Accessibility links

Алматыда менингококк инфекциясынан тағы бір бала шетінеген


Алматыдағы ауруханалардың бірі. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы ауруханалардың бірі. (Көрнекі сурет.)

Алматыда менингококк жұқпасынан бес жасар ұл бала шетінеген деп хабарлады қазақстандық ақпарат қоғамдық денсаулық қорғау департаментіне сілтеме жасап. Соңғы бірнеше аптада аса қатерлі дерттен осымен бесінші адам (екеуі - балалар) қазасы тіркеліп отыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, жұқпалы дерт ауруханасына жұма күні кешкісін түскен науқас бала бірнеше сағаттан соң жан тапсырған.


Маусымның 1-і күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистердің сұрағына берген жауабында, Қазақстанда жыл басынан бері 55 адамның менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын, ауырғандардың көбі Алматыда (31 адам) тіркелгенін хабарлаған. Ол ауру жұқтыру оқиғаларын эпидемия деп санамайтынын, "жағдай бақылауда екенін" айтқан болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG