Accessibility links

Қырғызстан: Бішкек ЖЭС-і ісіне байланысты депутат қамалды


Осмонбек Артыкбаев, Қырғызстан парламентінің депутаты.
Осмонбек Артыкбаев, Қырғызстан парламентінің депутаты.

Қырғызстан Жогорку Кенешіне Социал-демократиялық партиядан сайланған депутат Осмонбек Артыкбаев тұтқындалып, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысына қамалды.

ҰҚМК баспасөз орталығының хабарлауынша, Артыкбаев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды.

5 маусымда Бас прокуратура Осмонбек Артыкбаевтың үстінен іс қозғалғанын хабарлаған. Депутаттың адвокаты Айжан Орозакунованың сөзінше, сол күні оны ҰҚМК-ге тергеуге шақыртқан. Тергеуде оны Ұлттық энергетикалық холдингтің бұрынғы басшысы Айбек Калиевпен көзбе-көз беттестіретін болған.

Бас прокуратураның мәліметінше, Бішкек қаласының жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау кезінде энергетика және өнеркәсіп министрі болған Осмонбек Артыкбаев TBEA компаниясымен ол ұсынған шарттар негізінде келісімді тездетіп жасауға пәрмен берген. Прокуратура Осмонбек Артыкбаев пен оның орынбасары Айбек Калиев және "Электр станциялары" компаниясының бас директоры Салайдин Авазов "міндетті техникалық-экономикалық негіздеме мен басқа да технткалық құжаттарын сұратпағанын" айтады.

Есеп палатасының 2018 жылдың 12 сәуірінде қабылдаған актісі бойынша, аталған келісімдерді жасау кезінде жоба бойынша кететін шығын сметасы көрсетілмеген.

Қылмыстық істі ҰҚМК-нің бас тергеу басқармасы тергеп жатыр.

Бішкек ЖЭС-ін модернизациялау ісі бойныша қозғалған іс аясында бұған дейін бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков пен Бішкектің бұрынғы мэрі Кубанычбек Кулматов қамалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG