6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы президент жарлығы шықты. ҚазАқпарат агенттігі жариялаған құжатқа сәйкес Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай және Келес аудандарын Мақтарал мен Сарыағаш аудандарынан қайта бөліп шығарған. Жетісай және Сарыағаш қалалары, Мырзакент кенті мен Абай ауылы жаңадан құрылған аудандардың әкімшілік орталықтары болып жарияланды.
1997 жылы ОҚО-ның Асықата, Мақтаарал мен Жетісай аудандары біріктірілген болатын. 1939 жылдан бастап бөлек аудан болып келген Келес те 1997 жылы Сарыағаш ауданына қосылған.
Қазақстандағы халық ең тығыз қоныстанған аймақ болып саналатын бұл төрт ауданда 600 мыңға жуық адам тұрады.
5 маусымда ОҚО мен Шымкент билігі үкіметке облыс орталығын Түркістанға көшіруді және тұрғын саны миллионға жеткен Шымкентке ерекше мәртебе беруді ұсынған еді.
ПІКІРЛЕР