Accessibility links

Сингапурде Корей түбегін денуклеаризациялау туралы құжат қабылданды


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Сингапурдегі кездесу қортындысы бойынша Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту жөнінде бірлескен декларацияға қол қойды. Құжатта президент Трамп пен Ким Чен Ынның "АҚШ пен Солтүстік Корея арасында жаңа қарым-қатынас орнату және Корей түбегінде шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мәселелері бойынша жан-жақты, терең әрі шынайы пікір алмасқаны" айтылады.

"Президент Трамп Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік беруге міндеттеме алды, төраға Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту ұстанымынан таймайтынын растады" делінген құжатта.

Декларация АҚШ пен Солтүстік Кореяның Корей түбегінде орнықты бейбітшілік орнатуда күш біріктіретіні, Пхеньянның 2018 жылы 27 сәуірде қабылдаған Пханмунджом декларациясы негізінде түбекті ядролық қарудан толық арылту мақсатында әрекет етуді міндетіне алатыны айтылады.

Бұдан өзге, АҚШ пен Солтүстік Корея әскери тұтқындар мен із-түзсіз жоғалғандардың мүрделерін іздеу және оларды анықтау жұмыстарын бірге істеуге және анықталған адамдардың мүрделерін қайтаруға міндеттеме алды.

Құжатта екі елдің декларация талаптарын орындауға бірден кірісетіні және таяу уақытта АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Солтүстік Кореяның жоғары шенді шенеунігі келіссөзді одан ары жалғастыратыны айтылған.

Оқи отырыңыз: Ким Чен Ын Трамппен кездесуде "үлкен өзгеріс" жайлы айтты

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда Сингапурдің Сентоса аралында бірінше рет кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан арылту мәселесін талқылады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG