Accessibility links

Трамп: АҚШ Оңтүстік Кореямен әскери жаттығуды тоқтатады


АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуінен соң баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуінен соң баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл.

АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізуді тоқтатады деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Сингапурде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуінің қортындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Трамп Пхеньян ядролық қаруынан бас тартуға міндеттеме алғандықтан АҚШ Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтты.

Дегенмен Трамп әзірге Оңтүстік Кореядағы америкалық әскерилер санын қысқарту жөнінде әңгіме болмайтынын айтты. Ол әскерилерді азайту болашақта жүзеге асатынынан үміттенеді.

Трамптың сөзінше, Солтүстік Кореяға қарсы санкция Вашингтон Пхеньянның ядролық арсеналын жою ниетінен айнымайтынына көз жеткізгенге дейін күшінде болады.


Дональд Трамп Ким Чен Ынды "талантты" басшы деп бағалап, оның елді тым жас кезден басқарып келе жатқанын, сондықтан мемлекет басқару міндет екенін айтты. Трамп Кимді "жүзі жылы адам" демегенін ескертіп, Солтүстік Кореядағы адам құқығының жай-күйі жақын уақытта жақсаратынынан үмітті екенін айтты.

Дональд Трамп бұған қоса АҚШ Солтүстік Кореямен жаңаша қарым-қатынас орнату ұмтылы барын айтты. АҚШ президенті 1950-жылдардағы Корей соғысында құрбан болғандарды меңзеп, өткен шақ болашақты бағдарламауы тиіс екенін жеткізді.

Видео: Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG