Accessibility links

АҚШ: Пхеньян 2020 жылға дейін ядролық қаруының көбінен арылады


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Оңтүстік Корея, 13 маусым 2018 жыл.
Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Оңтүстік Корея, 13 маусым 2018 жыл.

АҚШ Солтүстік Корея алдағы екі жарым жылда ядролық қаруының көбінен бас тартады деп сенеді деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сеулге Оңтүстік Корея басшылығымен кездесуге барған сапарында. Майк Помпео Сингапурде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын кездескен күннің ертеңі - 13 маусымда Вашингтон одақтастарын келіссөз қорытындысынан хабардар етті.

Бұған дейін АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары кездесуден соң "Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту бағытында жұмыс істеуге" келіскені хабарланған. Бірақ келісімде Пхеньянның ядролық қарудан қашан және қалай бас тартатыны айтылмағандықтан, сынға ұшыраған.

13 маусым күні Трамп Twitter-де Солтүстік Кореяның бұдан былай әлемге ядролық қарумен қауіп төндірмейтінін жазған.

Солтүстік Корея Трамптың денуклеаризация процесін біртіндеп жүргізуге келіскенін, бірақ екі тарап та шиеленісті бәсеңсітіп, екі ел арасында бейбітшілік орнатуда өзара келісілген түрде және бір уақытта әрекет жасайтынын жариялаған.

12 маусымда АҚШ және Солтүстік Корея басшылары алғаш рет жүзбе-жүз кездесіп, оның қортындысы бойынша құжатқа қол қойған. Құжатта президент Трамп пен Ким Чен Ынның "АҚШ пен Солтүстік Корея арасында жаңа қарым-қатынас құру және Корей түбегінде шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мәселелері бойынша жан-жақты, терең әрі шынайы пікір алмасқаны" айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG