Accessibility links

Ақтөбе облысында баланың менингококк жұқтырғаны анықталды


Ақтөбе облыстық ауруханасының ғимараты (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облыстық ауруханасының ғимараты (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының дәрігерлері зертханалық тексеруде 10 маусым күні менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен балада менингит диагнозы анықталғанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті 13 маусым күні кешке науқас баланың облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

"Баланың жағдайы аздап жақсара бастады. Онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды, оларды тексеру қортындысы теріс нәтиже көрсетті" делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жыл басынан бері 60 адам менингококк инфекциясын жұқтырған, олардың 21-і - 14 жасқа дейінгі балалар. Менингококк жұқтырғандардың 12-сі қайтыс болған. Қатерлі дерттен қайтыс болғандардың алтауы - Алматы қаласының, үшеуі - Алматы облысының, екеуі - Оңтүстік Қазақстан облысының, біреуі - Қызылорда облысының тұрғындары.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG