Accessibility links

Трамп: Путиннің Обаманы жаратпауы Қырым аннексиясына себеп болған


АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 15 маусым 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 15 маусым 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне дейін президент болған Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы қарым-қатынас Мәскеудің Қырым түбегін аннексиялауына себеп болған деп мәлімдеді.

Fox News телеарнасына берген сұхбатында өзі "жалған хабар таратушылар" ("фейк") деп атаған басылымдарға қарата сөйлеген сөзінде Трамп: "Путин президент Обаманы құрметтемегендіктен Обама Қырымды жіберіп алды" деп мәлімдеген.


Бұған дейін Buzzfeed порталы екі дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап, жақында Канадада өткен "Үлкен жетілік" (G7) елдері саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп түбек тұрғындарының орыс тілінде сөйлейтінін алға тартып, Қырымды "ресейлік" деп атаған деген ақпарат таратқан. Ақ үй ақпарат жоғына сілтеп, бұған қатысты комментарий бермеген. Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин LB.ua сайтына берген сұхбатында "Трамп Қырымды ресейдікі деп ешқашан айтпаған" деп сенетінін білдірген. Климкиннің пікірінше, АҚШ президентінің "көптеген сөзін жалпы контекстен үзіп-жұлып" береді.

Жұма күні АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Қырымды бұрынғысынша "Украинаның бөлігі" деп санайтынын, "Ресей түбекке бақылауды Украинаға қайтармайынша" Ресейге қарсы салынған санкциялар күшінде қала беретінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG