Accessibility links

Шыңжаңда бүгін жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Астана уақытымен таңертеңгі сағат 9:50 шамасында Қытай аумағында жер сілкінгені туралы Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлады.

Орталық дерегінше, 4.4 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 332 километр қашықтықта, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, жер қабатының 25 километр тереңдігінде болған.


Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанда сезілмеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG