Қазақстанда шілденің 1-інен бастап бөлшек саудада темекі бағасы қымбаттады. Бұған дейін ең арзан сигареттің бір қорабы 340 теңге тұрса, бүгіннен бастап оған 20 теңге қосылды (қазіргі бағам бойынша, 1 доллар = 341,08 теңге). Темекі өнімдерінің бағасы оны кезең-кезеңімен көтеру туралы бұған дейін қабылданған үкімет қаулысына байланысты қымбаттап отыр.
Шілденің 1-інен бастап желтоқсанның 31-не дейін бөлшек саудада ең арзан сигарет қорабының бағасы 360 теңге болып белгіленді. Ал 2019 жылғы қаңтардан бастап оған тағы 20 теңге қосылып, 380 теңге тұратын болады.
Қазақстан билігі бағаны қымбаттату - темекі өнімдерін пайдалану көлемін азайтады және акциздер есебінен бюджетке түсімді молайтады деп түсіндіреді.
ПІКІРЛЕР