Accessibility links

"7-20-25" бағдарламасына серіктес банктер тізімі жарияланды


Астанадағы "Саранда" тұрғын үй кешені (Көрнекі сурет).
Астанадағы "Саранда" тұрғын үй кешені (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық банкі 4 шілдеде баспасөз мәслихатын өткізіп, "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысатын банктерді атады. Бағдарлама серіктестрінің тізімінде екінші деңгейлі жеті банк - АТФ банкі, БанкЦентрКредит, Bank RBK, Еуразиялық банк, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бар.

Бағдарлама жылына бастапқы жарна ретінде үй бағасының 20 пайызын төлеп, банктен 25 жылға жеті пайыздық мөлшерлемемен ипотека арқылы баспана алуға құрылған. Ұлттық банктің хабарлауынша, "7-20-25" бағдарламасына барлық категориядағы азаматтар қатыса алады және бағдарлама шарттары барлық адамға бірдей. Бағдарламада займ алуда кезекке тұру жағы қаралмаған.

Үй алу үшін алғашқы жарна ретінде баспананың кепілді құнының 20 пайызы төленуі тиіс. Сатып алынатын үйдің кепілді құнын серіктес банк анықтайды. Бастапқы жарна ақшалай төленуі тиіс, кепілге басқа үйді қоюға болмайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиынында наурыздың басында жариялаған ипотека пайызын азайту жоспары бар әлеуметтік бастамалары туралы айтқан. Назарбаев биліктегі партия мүшелерін "7-20-25" бағдарламасына бөлінген қаржыны "жымқырмауға" шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG