Accessibility links

Астанада аштық жарияламақ болғандар әкімшілік жазаға тартылды


Әкімшілік айыппұл салынған үлескерлер (солдан оңға қарай) Динара Сабдинова, Гүлнара Қасымова және Светлана Әбілқасымова. Астана, 4 шілде 2018 жыл.
Әкімшілік айыппұл салынған үлескерлер (солдан оңға қарай) Динара Сабдинова, Гүлнара Қасымова және Светлана Әбілқасымова. Астана, 4 шілде 2018 жыл.

Астанада наразылық танытып, ашық жарияламақ болған бірнеше үлескер әкімшілік жазаға тартылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Шілденің 3-і күні Астанада "Комсомол" тұрғын үй кешенінің жанында бір топ үлескер ақшасын төлеген пәтерлерінің құрылысы мерзімі өтіп кетсе де, әлі аяқталмағанына наразылық танытып, аштық жариялаған.

Үлескер Гүлнара Қасымовның айтуынша, әкімшілік сот өзіне, Динара Сабдиноваға және Светлана Әбілқасымоваға "бейбiт жиналыстарды, митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзды" деп айыптап, 20 айлық есептік көрсеткіш (33 670 теңге) көлемінде айыппұл салды. Тағы екі үлескер Сәуле Тәкежанова мен Гүлмира Смағұловаға ескерту берілді. Гүлнара Қасымова сот түнгі сағат бір жарымға дейін болғанын айтады.

Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан тұрғын үй кешенінің жанына 3 шілде күні түстен кейін бірнеше үлескер жиналып, ақшасын төлеген пәтерлері әлі салынып бітпегенін айтып шағымданған. Олар "Орда Инжиниринг" компаниясы үйлерін былтыр желтоқсанда салып бітіруі тиіс болғанын, бірақ әзірге қабырғасы ғана тұрғызылып, кейбірінің шатыры ғана жабылғанын айтады.

Үлескерлер үш-төрт шатыр тігіп, орныққаннан кейін бір сағат өтер-өтпесте арнайы автобустармен келген полиция арнайы жасағы оларды күштеп көтеріп автобусқа тиеп әкеткен.

Үлескерлер "Орда Инжиниринг" компаниясы үйді салып беру мерзімін созып келе жатқанын айтып, пәтерлері толық салынып бітпейінше аштық акциясын тоқатпайтынын мәлімдеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG