Accessibility links

АҚШ қоршаған ортаны қорғау агенттігі басшысы отставкаға кетті


Скотт Пруитт.
Скотт Пруитт.

АҚШ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің директоры Скотт Пруитт отставкаға кетті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлаған. Ол Пруитті қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі регламентацияларды қысқартқаны үшін мақтаған.

"Скотт Пруиттің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі администраторлығынан отставкаға кететінін мақұлдадым", - деп жазған Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына.

Скотт Пруитт мемлекеттік шенеунік этикасы ережелерін бұзғаны, нақтырақ айтқанда, негізсіз көп шығын жұмсағаны үшін қатты сынға қалған соң жұмыстан кетті. Скотт Пруитті табиғат қорғаушылар да үнемі сынап, ол басқарған агенттік жұмысы экологияға зиян келтіретіні туралы мәлімдеп келген.

Оның орынбасары Эндрю Уилерге Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік басшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.


Сонымен бірге бейсенбі күні Ақ үй Билл Шейннің АҚШ президентінің көмекшісі және аппарат басшысының коммуникация мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады. Ресми ақпаратта Шейннің БАҚ саласында жиырма жылдан аса жұмыс істеген тәжірибесі бар екені айтылған. Бұған дейін Шейн Fox News Channel және Fox Business компанияларында теңтөраға қызметін атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG