Accessibility links

Лондон Еуроодақпен еркін сауда аймағында болуға ұмтылады


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.

Ұлыбритания үкіметі Еуропа Одағы құрамынан шығуға қатысты Брюссельмен келіссөздердегі негізгі приниптерді мақұлдады. Британ баспасөзінің жазуынша, премьер-министр Тереза Мэй жұма күні үкімет кеңесінде Brexit туралы мәселе бойынша "қатаң" саясат ұстануды жақтайтындарды ұстанымдарын жұмсартуға көндірген.

Үкімет кеңесінің қорытындысы бойынша мәлімдемеде Ұлыбританияның Еуропа Одағымен келіссөздер барысында өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы тауарларына қатысты ортақ ережесі бар еркін сауда аймағын сақтап қалуға ұмытылатыны айтылған.


Премьер-министр Тереза Мэй өзара келісілген ұстанымға қарсы шыққан министрлердің қызметтен босатылатынын ескерткен.

Еуропа Одағының өкілі Мишель Барнье британ үкіметінің шешімін құптайтынын мәлімдеп, Лондонды егжей-тегжейлі жоспарын көрсетуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG