Ұлыбританияда адамның жүйке жүйесін зақымдайтын "Новичок" уынан зардап шеккен Чарли Роули есін жиды деп хабарлады BBC.
Солсбери қаласындағы дәрігерлердің мәліметінше, 45 жастағы Роулидің халі ауыр. Ол тәулік бойы дәрігерлер бақылауында жатыр.
Дәрігерлер Роулидің денсаулығына әлі қауіп төніп тұрғанын айтып, басқа ақпарат бермеді.
Оқи отырыңыз: Ұлыбританияда Ресей уына шалдыққан әйел қайтыс болды
Ұлыбритания денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрлігінің өкілі Салли Дэйвис Солсбери тұрғындарын көшеде жатқан шприц, ине және сол сияқты заттарды олада у болуы мүмкін деп, ұстамауға шақырды. Дегенмен, ол тұрғындарға удан аса қауіп төніп тұрмағанын айтты.
9 шілде күні Чарли Роулимен бірге "Новичоктан" уланған 44 жастағы Дон Стерджес ауруханада көз жұмған. Оның өлімінен соң Ұлыбритания билігі кісі өлімі туралы қылмыстық іс қозғаған.
ПІКІРЛЕР