Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда құрбандар саны рекордты деңгейге жетті


Жарылыс болған жерді тексеріп жүрген ауған қауіпсіздік қызметі өкілдері. Қандағар, 22 мамыр 2018 жыл.
Жарылыс болған жерді тексеріп жүрген ауған қауіпсіздік қызметі өкілдері. Қандағар, 22 мамыр 2018 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда өткен айда атыс уақытша доғарылғанына қарамастан, алғашқы жарты жылда қаза тапқан бейбіт адамдар саны бойынша көрсеткіштің рекордтық деңгейге жеткені туралы хабарлады. Жараланғандар саны бес пайызға, яғни 3430 адамға дейін кемігенімен, қаза көрсеткіші бір пайызға өсіп, 1692 адамға жеткен.

Бұл туралы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясының (МООНСА) бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы шілденің 15-і күні жариялаған соңғы есебінде айтылған.

Құрбандардың осыншама көбеюіне қауіпсіздік күштері мен содырлар арасындағы шайқастар, сонымен бірге жол бойына қойылған миналар және "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жанкештілері мен "Талибан" қозғалысы өкілдері жасайтын жарылыстар негізгі себеп болып отыр.


БҰҰ-ның хабарлауынша, үкіметке қарсы элементтердің шабуыл кезінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдану – бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың артуына басты себеп

Баяндамада Кабул, Нангархар, Фарияб, Гильменд және Кандагар уәлаяттарында тұратын бейбіт адамдардың зорлық-зомбылықтан ең қатты жапа шегіп отырғаны айтылған. Шиттер қасиетті санайтын орындарға, үкімет ғимараттарына, сайлаушыларды тіркейтін орталықтар мен жәрдем көрсету топтары кеңселеріне жасалған шабуылдар салдарынан жүздеген бейбіт адам мерт болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG