Accessibility links

Назарбаев білім мен медицина сапасына разы емесін білдірді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдап отыр. 19 шілде, 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдап отыр. 19 шілде, 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ресми сайттағы ақпарат бойынша, кездесуде үкіметтің 2018 жылдың алты айындағы жұмыстар қорытындысы, мемлекеттік бағдарламалардың қалай іске асырылып жатқаны талқыланған.

Ақордадағы хабарламада "Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келе жатқанына қарамастан, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар тұрғындарды толық қамтымай отырғанын айтты" деп жазылған.

Назарбаев премьер-министрге: "Бірінші жартыжылдық аяқталды. Көрсеткіштер өсіп келеді. Жалпы халықтың әл-ауқаты жақсы. Біз индустриялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағдарламалар қабылдадық. Алайда жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер оларды толық орындамай отыр, бекітілген бағдарламалар өңірлерге жетпей жатыр" деген.


Президент "коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өскенін, жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттағанын айтып, медициналық қызмет пен білім сапасының төмендеп бара жатқанын атап өткен".

"Коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Медициналық қызмет көрсету нашарлады. Білім алу қымбаттап барады. Жастар біздің университеттердегі білім сапасының төмендігіне байланысты Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайтын болды. Біздің қоғамда осындай проблемалар жиі көтеріліп жатыр" дейді Назарбаев.

Ақорданың жазуынша, қабылдау соңында Нұрсұлтан Назарбаев (Сағынтаевқа) өңірлерде жол салу мәселесіне де назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG