Шешенстан астанасы Грозныйдың қалалық думасы қала мэрін сайлау мәселесін дауысқа салып, нәтижесінде Ибрагим Закриев мэр болып сайланған. Оған 27 адамның 23-і дауыс берген.
Ибрагим Закриев – Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың жиені (туған әпкесінің ұлы). Ол бұған дейін түрлі қызметтер атқарған: қаржы министрлігінде істеген, вице-премьер болған, аймақ басшысының хатшылар алқасының жетекшісі болған.
Шешенстанда Қадыровтың туыстары мен жерлестерін үлкен қызметке тағайындау қалыпты құбылысқа айналған. BBC-дің орыс қызметінің есептеуінше, лауызымды қызмет атқаратын шенеуніктердің 30 пайызы дәл осындай тамыр-таныстық арқылы жоғарыға көтерілген. Олардың 23 пайызы - Қадыровтың жерлестері, 12 пайызы – достары мен туыстары болып шыққан.
ПІКІРЛЕР