Accessibility links

Оралда мәслихаттың экс-депутаты шартты түрде сотталды


Қайдар Қошанов.
Қайдар Қошанов.

1 тамызда Орал қалалық сотының судьясы Асқар Измайлов Батыс Қазақстан облысы маслихатының бұрынғы депутаты Қайдар Қошановты бес жыл шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 29 наурызда Оралда жол апаты болып, Тoyota Land Cruiser 200 көлігі Самара-Шымкент тас жолында "Лада Приора" және "Ауди" көліктерін соққан.

Тoyota Land Cruiser 200 көлігінің рөлінде Қайдар Қошанов отырған. Жол апатынан "Лада" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Вячеслав Лопухин мен 63 жастағы апасы Надежда Кондрашкина қаза тапқан. "Ауди" көлігінің жүргізушісі жарақаттанған.

Сотта қаза тапқандардың туыстары судьядан Қошановты түрме жазасына кеспеуді сұрады. Мәслихаттың бұрынғы депутаты шағымданушы тарапқа өтемақы төлеуі тиіс. Өтемақы көлемі сот шешімі күніне енген соң белгілі болады.

Қошанов "Болашақ-Т" құрылыс компаниясының бас директоры ретінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісінде фигурант болған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG