Accessibility links

Ватикан өлім жазасы туралы сенімін өзгертті


Рим Папасы Франциск.
Рим Папасы Франциск.

Рим-католик шіркеуі өз діни ілімін ресми түрде өзгертіп, қандай жағдай болса да өлім жазасын қолдануға болмайды деген ұйғарым шығарды деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Reuters Ватикан Рим Папасы Францисктің өлім жазасын мүлдем қолдамайтынын білдіру үшін өз діни қағидаларын өзгерткенін айтады. Понтифик мәлімдемесінде "Өлім жазасы адамның қадыр-қасиеті мен жеке басына қол сұғылмау құқығын бұзатындықтан оны қолдануға болмайды" деген.

Өзгерісті католиктік доктринаны жариялауға жауапты орган - Сенім доктриналарының конгрегациясы қабылдаған.

Агенттік дерегінше, жаңа өзгерістер АҚШ-та жаппай қарсылыққа тап болуы мүмкін, себебі бұл елдегі католиктердің көбі өлім жазасын қолдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG