Accessibility links

Индонезиядағы зілзала құрбандары саны ұлғайды


Ломбок аралындағы жер сілкінісінен зардап шеккен ғимарат. 6 тамыз 2018 жыл.
Ломбок аралындағы жер сілкінісінен зардап шеккен ғимарат. 6 тамыз 2018 жыл.

Тамыздың 8-і күні Индонезия билігі жер сілкісіні құрбандарының саны 131 адамға жеткенін хабарлады. AFP агенттігінің хабарлауынша, қаза болғандардың дені - опырылып түскен ғимараттардың үйінділері астында қалған.

Ломбок аралында жер сілкінісінен үйлер құлап, электр сымдары үзілген. Көрші Бали аралында да жер сілкінісі сезіліп, бір адамның қаза болғаны хабарланған.

Құтқарушылар жолдар бұзылып, көпірлер қирағандықтан басқа аудандардағы зардап шеккендерге жете алмай жатыр.

Туристер көп баратын Ломбок аралында бір апта бұрын да жер сілкініп, 16 адам қаза тапқан.

Әлемдегі ең үлкен архипелаг саналатын Индонезия жанартаулар иінінде және Тынық мұхитындағы тектоникалық аймақта орналасқандықтан жер сілкінісі жиі болады.

2004 жылы желтоқсанда Индонезияның батысындағы Суматра аралының жағалауында мұхитта болған жер сілкінісінен цунами тұрып, Үнді мұхиты жағалауындағы бірнеше елде 220 мыңнан астам адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG