13 тамызда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық коллегиясы Ratel.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Марат Асипов пен марқұм журналист Геннадий Бендицкий мұрагерлерінің шағымын қарай бастады.
Шағымданушы тарап Алматыдағы Медеу аудандық сотының 28 мамырдағы шешімін жоюды талап етеді. Медеу аудандық соты "Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының" қызметін тоқтатып, тіркеуін жойған Марат Әсіповтің БАҚ-та және Ratel.kz, Balborsyk.kz, wildratel.com, itau.kz және басқа да домендік атауларда "Ratel.kz" интернет-порталы атынан ақпараттық материалдар жариялауына да тыйым салған.
13 тамыздағы отырыста Асиповтың адвокаты Лариса Доставалова Медеу аудандық сотының шешімін негізсіз деп тануды сұрады. Оның айтуынша, сот шешім шығарғанда Ақпарат және байланыс министрлігінің ақпарат комитетінің бұйрығына ғана сүйенген.
Сотқа қатысқан прокурор Әлібек Айтжанов Медеу аудандық сотының шешімі заңды деп есептейді және Асиповтың шағымын қанағаттандырмауды сұрады. Судья Гүлнар Қожаханова келесі сот отырысын 18 қыркүйекке белгіледі.
ПІКІРЛЕР