Accessibility links

ЕАЭО: Тексеруден өтпеген Қырғызстан өнімдері кері қайтарылып жатыр


Бішкек базарындағы көкөніс (Көрнекі сурет)
Бішкек базарындағы көкөніс (Көрнекі сурет)

Ресей 2018 жылдың басынан бері Қырғызстанға 300 тонна көкөніс өнімдерін кері қайтарған. Ал Қазақстан 47 рет тауар тиелген жүк көліктерін кері Бішкекке жіберген.

Көкөністі кері қайтаруда сертификаттардың фитосанитарлық бақылау талаптарына сәйкес келмеуі басты себеп болып отыр. Бірақ Қырғызстанның тиісті мемлекеттік органдары кәсіпкерлерге Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше аймақтарда талап етілетін құжаттар жайында үнемі ескертіп отыратынын айтады.

Соңғы екі күнде Қырғызстанның 43 тонна өнімі (жүзім, құлпынай, жаңғақ және тағы басқасы) Ресейден кері қайтарылған.

2018 жылдан бері Ресейден қайтқан өнімдердің жалпы көлемі - 294 тоннаны құрайды.

Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Болот Жуманалиев мұндай жағдайда кәсіпкерлердің өздері кінәлі дейді.

"Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Еуразия экономикалық одағынан келетін импорт көлемі өсіп, экспорт түсіп кетті. Қырғызстанның басты әріптесі бұрынғыдай Ресей болып тұр. Соңғы төрт айда Ресейге 102 миллион долларға тауар экспортталса, Ресейден 351 миллион долларға тауар импортталған. Импорт көлемі үш есеге өсті", - дейді Болот Жуманалиев.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG