Беларусь президенті Александр Лукашенко Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "Халықтар достығы" орденімен марапаттады. Бұл туралы БелТА агенттігі Беларусь президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Қадыров Беларусь пен Шешенстан арасындағы "достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтқаны" үшін марапатталған.
Халықтар достығы ордені Беларусьте шетелдіктерді марапаттайтын жоғарғы мемлекеттік награда саналады. Награда алтын жалатылған күмістен жасалады.
Азаттықтың Беларусь редакциясының хабарлауынша, Қадыров Лукашенконың ұлы, әрі президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Виктор Лукашенкомен жақсы қарым-қатынаста. Маусымның соңында Виктор Лукашенко Шешенстанға барып, Рамзан Қадыровпен кездескен. Ол кезде Қадыров Беларусь пен Шешенстанның қарым-қатынасы барлық салада, оның ішінде экономика саласында да дамып жатқанын айтқан.
ПІКІРЛЕР