Accessibility links

Чехтар мен словактар "Прага көктемінің" 50 жылдығын атап өтті


Прагадағы Ресей елшілігі алдындағы наразылық шарасы. 20 тамыз, 2018 жыл.
Прагадағы Ресей елшілігі алдындағы наразылық шарасы. 20 тамыз, 2018 жыл.

21 тамызда чехтар мен словактар 1968 жылы совет армиясы талқандаған "Прага көктемі" қозғалысының 50 жылдығын атап жатыр. Қозғалыс Чехословакия коммунистік партиясының жетекшісі Александр Дубчектің тоталитаризмді реформалау жолымен "социализмге адам бейнесін бітіруге" талпынған.

1968 жылы 21 тамызға қараған түнде Болгария, ГДР, Венгрия және Польша әскерилерін қолданған совет үкіметі Чехословакияға басып кірген. Бұл оқиғадан 137 адам қаза тапқан.

20 тамыз кешкісін жүздеген адам Чехиядағы Ресей елшілігі алдына келіп, наразылық білдірді. Олар 2014 жылы Қырымды аннексиялап алуына байланысты Ресейді "әлі де агрессор" деп айыптады.

21 тамызда Прага орталығындағы радиостанция алдында арнайы еске алу жиыны өтті. Бұл жерде 50 жыл бұрын ғимаратқа кірмек болған совет солдаттарына қарусыз қарсы тұрған 17 адам қаза тапқан еді. Жиынға Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш қатысып, сөз сөйледі. Бірақ еске алу шарасы Бабиш пен мен оның үкіметіне қарсы акцияға айналып кетті. Жүздеген адам коммунистік партиямен бірігіп, басқарушы коалиция құрған премьер-министрге ысқырып, наразылық білдірді.

21 тамыз кешкісін Прага ортасындағы Вацлав алаңында әнші Марта Кубисова концерт қояды. Ол 1968 жылы "Прага көктемі" қозғалысына ашық қолдау көрсеткен және сол дәуірде ең танымал болған "Наурыз туралы дұға" әнін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG