Accessibility links

Шавкат Мирзияев Түркіменстанға сапарлап барады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Хорезм, 24 сәуір 2018 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Хорезм, 24 сәуір 2018 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 24 тамыз күні Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша Ашғабадқа барады.

Түркіменстанда Мирзияев Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорын құрушы мемлекет басшыларының кеңесі жиынына қатысады. Түркіменбашы қаласында өтетін саммитте Арал теңізі алабының экологиялық жағдай талқыланады.

Саммит қорытындысы бойынша, Каспий жағалауындағы "Аваза" демалыс аймағында мемлекет басшылары кеңесі бірлескен мәлімдеме жасайды.

1990 жылдары Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Арал теңізін құтқару және теңіз маңы аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін Аралды құтқару қорын құрған.

2017 жылы Шавкат Мирзияев Түркіменстанға үш рет барған. Бұл сапарларында Өзбекстан президенті "Түркіменстанмен арада шешімі табылмаған мәселе жоғын" мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG