Accessibility links

Украина тәуелсіздік күнінде әскери парад өткізді


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) әскери парадта сөйлеп тұр. Киев, 24 тамыз 2018 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) әскери парадта сөйлеп тұр. Киев, 24 тамыз 2018 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Киевте Украина тәуелсіздігі күніне орай өткен әскери парадта Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО-ға қосылу талпынысын ел конституциясында бекіттіретінін мәлімдеді.

"Заңгерлер мұны қалай оңтайлы әрі тез орындаудың жолын тапты" деген Порошенко бұған қатысты заң жобасын Жоғарғы Раданың күзгі сессиясы ашылатын 4 қыркүйекке дейін жолдайтынын айтты.

"Жаңа армия маршы" деп аталатын әскери парадқа төрт жарым мың әскери қызметкер, оның ішінде әйелдерден құрылған алғашқы әскери бөлім және 250 әскери техника қатысты. Парадта қолданыстағы қару-жарақтар ғана емес, жаңа дайындалып жатқан қару түрлері, оның ішінде өздігінен жүретін "Богдан" артиллериялық қондырғысы мен жаңа қанатты зымырандар да көрсетілді.

Украина тәуелсіздігі күніне орай өтетін мерекелік шараларға 18 елдің өкілдері қатысады деп жоспарланған. Киевке АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон да барды.

Украина СССР-ден тәуелсіздігін 1991 жылы 24 тамызда жариялаған. Бұл күн 1992 жылдың маусымында мемлекеттік мереке деп жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG