Accessibility links

Қазақстан Азиададағы бесінші алтынын алды


Руслан Исраилов - джиу-джитсудан Азия ойындарының чемпионы (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев/Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті).
Руслан Исраилов - джиу-джитсудан Азия ойындарының чемпионы (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев/Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті).

Қазақстандық Руслан Исраилов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джитсудан ерлер арасында 77 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Нұрсұлтан Алимкуловтан (Қырғызстан) басым түсті.

Қазақстан спортшысы финалға дейін Мохаммед Мансурды (Иран), Хамза әл-Рашидті (Иордания), Аязбек Мустаковты (Қырғызстан), Эркбаяр Ваткияхты (Моңғолия) жеңген.

- Финалдағы қарсыласымнан басында жеңіліп жатып, жеңдім. Ыңғайсыз қарсылас. Екеуміз бұрын Алматыда бір залда жаттыққан едік. Бұрын бір жарыста кездесіп, [Нұрсұлтан Әлімқұловты] жеңгенмін, - деді Исраилов кездесуден кейін Азаттық тілшісіне.

Бұл - Қазақстан джиу-джитсудан Азия ойындарында алған екінші алтыны. 25 тамыз Дархан Нортаев 62 келіде чемпион атанған.

Қазір Қазақстан 5 алтын, 7 күміс, 27 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG