Accessibility links

БАҚ: Тәжікстан әуе күштері тәліптерге соққы жасады


Тәжікстан-Ауғанстан шекарасы (Көрнекі сурет).
Тәжікстан-Ауғанстан шекарасы (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның Тахар уәлаятының билігі Тәжікстан әуе күштері Даргад уезіндегі тәлібтерге соққы бергенін мәлімдеді. Әуе соққысынан алты содыр қаза тауып, тоғызы жараланған. Бұл жөнінде Ауғанстан ақпарат құралдары хабарлады.

Тәжікстан тарабы әзірге бұл ақпаратты растамай отыр. Тәжікстан шекара қызметіндегі дереккөз де ақпаратқа комментарий беруден бас тартты. Әуе соққысы тәлібтер тәжік-ауған шекарасы маңындағы Фархор тұрғындарына шабуылдағаннан кейін жасалып отыр. Содырлар Калашников пулеметімен "Нива" көлігіндегі үш адамға шабуыл жасаған. Екеуі қаза тауып, бірі жараланған.

Тахар уәлаяты полициясының баспасөз хатшысы Халил Асир "Кухнахона" орманды өлкесіндегі тәлібтерге әуе соққысы 27 тамызға қараған түні және таңертең берілгенін айтады. Оның ақпараты бойынша, соққыдан сегіз адам қаза тауып, алтауы жараланған. "Бұл орманды өлкеде тәлібтер есірткі контрабандасымен айналысатындармен бірлесіп, лагерь құрған. Онда бейбіт тұрғындар жоқ", - дейді Халил Асир.

"Талибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Забиулла Муджахид Даркад уезіне шабуыл жасалғанын растады. "Біз бұл жағдайды тексеріп жатырмыз. Тәлибан мүшелері шекарадағы елді-мекен тұрғындарына шабуыл жасауға тиісті емес еді",- деді Забиулла Муджахид.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG