Accessibility links

Қытай Ауғанстанда әскери база сала ма?


Қытай президенті Си Цзиньпин (сол жақта) және Ауғанстан президенті Ашраф Ғани. Пекин, 28 қазан 2014 жыл. Көрнекі сурет
Қытай президенті Си Цзиньпин (сол жақта) және Ауғанстан президенті Ашраф Ғани. Пекин, 28 қазан 2014 жыл. Көрнекі сурет

Қытай Ауғанстанда әскери база ашу туралы ақпаратты жоққа шығарып, Кабулмен тек "әскери қауіпсіздік туралы қалыпты қарым-қатынас" орнатқанын мәлімдеді.

Қытай қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник У Цянь 30 тамызда Гонконгтегі " South China Morning Post" басылымына берген сұхбатында: "Қытай халық азат ету армиясы жүздеген сарбазын Ауғанстанның шығысына орналастырады" деген ақпарат жалған" деді.

Қытай Ауғанстанмен Вахан дәлізі арқылы шекараласады және осы аймақтан Ауғанстандағы зорлық-зомбылық Шыңжаңға өтуі мүмкін деп алаңдайды. Соңғы жылдары Қытайдың Шыңжаң аймағында тәртіпсіздіктен жүздеген адам өлген. Қытай билігі бұл оқиғаларға "ислам терроризмі айыпты" деген.

Бұған дейін әлемдік кейбір ақпарат құралдары Тәжікстанның солтүстігі мен Пәкістанның оңтүстігіне жақын Вахан дәлізіндегі тау ішінде Қытайдың әскери техникасы шоғырланып жатқаны байқалғанын хабарлаған.

У Цянь мұны "Қытай Ауғанстанға терроризммен күресуге көмектеседі және шекарасын қорғайды" деп түсіндірген. Ол Пекиндегі ай сайын өтетін баспасөз мәжілісінде: "Қытай мен Ауғанстан арасында әскери және қауіпсіздік мәселелері бойынша қалыпты қарым-қатынас орнаған. Қытай халықаралық қоғамдастықпен бірге Ауғанстанға қорғаныс және терроризммен күрес аясында көмектеседі және шекарасын қорғайды" деген.

Ауғанстанда Қытай әскерінің жаңа базасы ашылуы мүмкін деген ақпаратты 30 тамызда Қытайдағы ауған елшісі Жанан Мозазай да терістеді. Ол: "Пекин Ауғанстанға таулы аймақта терроризмге қарсы операцияларды жетілдіруге көмектеседі. Бірақ елде Қытай әскері болмайды" деді.

- Ауған үкіметі Қытайдың көмегін жоғары бағалайды және осы көмекті тиімді пайдалану үшін екі елдің әскерилері өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Бірақ Ауғанстандағы әскери операцияларға Қытай қарулы күштері қатыспайды - деді Жанан Мозазай.

БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН КҮШ БІРІКТІРУ

Қытай алғашқы шетелдік әскери базасын Африкадағы Джибути еліне орналастырған. Бұған дейін ол өзге мемлекеттен әскери нысан ашу жоспары жоқ екенін айтып келген еді. Бірақ АҚШ Қытай шет елдерде бұдан да көп нысан ашады деп қауіптенеді.

Қытайлық және ауғанстандық әскерилердің кездесуі. Көрнекі сурет
Қытайлық және ауғанстандық әскерилердің кездесуі. Көрнекі сурет

Әскери экспансия жоспары жоқ екенін қайталап келген Қытай Ауғанстандағы жағдайға өзге жолдармен араласып отырды. "Талибанмен" бейбіт келіссөз орнатуға 17 жыл әрекеттеніп, ақыры елді соғыс жағдайында қалдырып кеткен Батыспен бірлесе жұмыс істеді.

Пәкістан, Иран, Ресеймен бірге Қытай да Ауғанстанға әскери және экономикалық ықпалын күшейтті. Бірақ АҚШ Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштеріне "Талибанды" тоқтату үшін НАТО-ның жыл сайын бөлетін алты жарым миллиард доллар қаржысының көбін беріп отыр.

Қытай зауыттарын қамтамасыз ету үшін шет елдерден мыс, темір және басқа да шикізат импорттайды. Сондықтан ол Ауғанстанның құны ондаған миллиард доллар деп бағаланатын 450 миллион тонна қоры бар Меш Айнак мыс кенішіне қызығады. Бірақ буддизмнің көне құлшылық мекенінде орналасқан шахтадағы жұмыс Ауғанстандағы қауіпсіздік пен экономиканың нашарлауы кесірінен ілгері баспаған.

(Мақала АР және Reuters ақпараты негізінде дайындалды).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG