АҚШ әскері Ресей тарапынан төнген қатерге байланысты Сирияның оңтүстігінде шұғыл жаттығулар бастады. Бұл туралы америкалық әскери шенеуніктің сөзіне сілтеме жасап CNN хабарлайды. Оның мәліметінше, бұл жаттығулар Ресейдің Сириядағы америкалық әскерилер орналасқан болуы ықтимал аудандарға соққы беретіні туралы АҚШ-қа бір аптаның ішінде екі рет жасаған ескертуіне тікелей жауап болып отыр.
Жаттығулар АҚШ-тың Сириядағы мүмкіндіктерін Мәскеуге көрсету мақсатын көздейді деп мәлімдейді коалицияның орталық басшылығының бас өкілі капитан Уильям Урбан.
АҚШ әскері тез іс-қимыл жасап, құрлықтағы және әуе күштерінің бірлесіп соққы беруін, сонымен бірге жау позициясын шапшаң басып алу қабілетін арттыруға машықтанады. Операцияға әуеден соққы беретіін тікұшақтар да қатыстырылады. Жаттығулар Хомс провинциясындағы америкалық база орналасқан Эт-Танф маңында өтіп жатыр.
Командир Шон Робертсон АҚШ-тың Мәскеумен кикілжің іздемейтіндігін, бірақ америкалық әскер мен одақтастарын еш іркіліссіз қорғауға бұрынғысынша дайын екенін жеткізген. Телеарна аты-жөні аталмаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ тарабының ресейліктерге Пентагонның "жауап беруге» әзір екенін айтып, "Эт-Танфтан аулақ болуға» кеңес бергені туралы хабарлаған.
Хабарларға қарағанда, Ресейдің америкалық әскерилер шоғырланған жерлерге қанатты зымырандармен соққы беруі мүмкін екені жайлы жұма күні жасаған мәлімдемесі Пентагонның ерекше алаңдаушылығын туғызған. Мәскеу ол аумақтарда қарулы исламшылдар бар деп санайды.
ПІКІРЛЕР