Accessibility links

HRW Қытайдағы қазақтарға қатысты Астанаға ұсынысын білдірді


Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында мешітте отырған этникалық қазақтар (Көрнекі сурет).
Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында мешітте отырған этникалық қазақтар (Көрнекі сурет).

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қытай билігінің елдің батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) этникалық түркі тілдес ұлттар, оның ішінде қазақ, ұйғыр және өзге де азшылық ұлт өкілдеріне қарсы жүргізіп отырғанын саясатын сынады. Ұйым 9 қыркүйекте жариялаған есебінде этникалық қазақтар мен ұйғырлардың Шыңжаңда Қытай үкіметінің "тұрғындарды сотсыз қамауда ұстап, азаптап, қатыгездік танытатынына және жеке өміріне жиі араласатынына" дәлелдер келтірген.

Баяндамада ұйым аймақта сұхбат алып, сөйлескен этникалық ұйғырлар мен қазақтар Қытай билігінің өздеріне қарсы жасап жатқаны қысымдары мен жеке бас еркіндігін және құқықтарын қатаң шектеп жатқаны туралы айтады. Сұхбат берген азшылық ұлт өкілдері отбасында және қоғамдық өмірде дін ұстану, білім алу, саяси көзқарастарын білдіруге қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін, "сенімсіздік танытқандардың "саяси үйрену лагерлеріне" қайта даярлауға күшпен жіберіліп жатқанын айтады.

HRW осыған байланысты Қазақстан үкіметіне Қытайды бұл саясатын тоқтатуға шақыру жөнінде бірнеше ұсыныс білдірді. Ұйым Қазақстан үкіметіне Қытай билігін түркі тілдес этникалық мұсылман ұлттары, оның ішінде этникалық қазақтарға қарсы кампаниясын тоқтатуға және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) "саяси қайта оқыту" лагерлерінде қамауда отырғандарды босатуға шақыруды ұсынды.

"Босқындар мен пана іздегендерді Қытайға күшпен қайтармау керек. Этникалық қазақтар мен Шыңжаңнан шыққан басқа да пана іздеушілерге саяси босқын мәртебесін беру процесін жеделдету қажет" дейді ұйым Қазақстан билігіне қарата.

Құқық қорғау ұйымы бұған қоса Астана Қытайдан келген этникалық қазақтарға тездетіп азаматтық беруге және ата-аналары Қытайда қамауда отырғандықтан сол елде қуғындалу қаупі төніп отырған Қазақстандағы этникалық қазақ балаларына саяси баспана беру жайын тездетуге, оларға үкімет бағдарламасы бойынша жылдамдатып азаматық беру және білім алуына мүмкіндік жасауға шақырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG