Accessibility links

SpaceX Айға ұшатын алғашқы туриспен келісім жасасты


SpaceX компаниясының ғарышқа зымыран ұшыру сәті (Көрнекі сурет).
SpaceX компаниясының ғарышқа зымыран ұшыру сәті (Көрнекі сурет).

Америкалық бизнесмен Илон Макстің SpaceX компаниясы Big Falcon Rocket (BFR) зымыранымен Ай маңына турист ретінде сапар шегетін алғашқы жолаушымен келісімшарт жасасқанын хабарлады.

"SpaceX BFR аппаратымен Айдың маңына сапарлайтын әлемдегі алғашқы жолаушымен келісімге қол қойды. Бұл - ғарышқа ұшуды армандайтын қарапайым адамдарға мүмкіндік беретін алғашқы маңызды қадам" деп хабарлады компания Twitter-де.

Компания жолаушының кім екенін және оның Айға қашан ұшырылатынын айтпады.

Былтыр SpaceX 2018 жылдың соңында Айға екі туристі ұшыру жоспарын жариялаған. Компания Айға ұшу жоспарына қатысты кейбір мәліметтерді 17 қыркүйекте жария етпек.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG