Accessibility links

WADA: РУСАДА аккредитациясын қалпына келтіруге әлі ерте


Ресей допингке қарсы агенттігінің Мәскеудегі кеңсесі.
Ресей допингке қарсы агенттігінің Мәскеудегі кеңсесі.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) комитеті Ресей допингке қарсы агенттігінің (РУСАДА) аккредитациясын қалпына келтірмеуге кеңес берді. BBC-дің хабарлауынша, бұл туралы шешім комитеттің 21 тамыздағы отырысында қабылданған.

WADA Ресей РУСАДА-ның өкілетін қалпына келтіру жөніндегі "жол картасының" талабын түгел орындамағанын айтады. Атап айтқанда, РУСАДА Ресей спорт министрлігі шенеуніктерінің допинг қитұрқылығына қатысы барын мойындамаған. Бұдан өзге, WADA Ресей билігі РУСАДА-ның Мәскеудегі зертханасы материалдарын халықаралық ұйым сарапшыларына көрсету талабын орындамағанын айтады.

WADA атқару комитеті Ресей допингке қарсы агенттігінің аккредитациясын қалпына келтіру туралы шешімді 20 қыркүйектегі отырысында қабылдайды.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2015 жылы Ресей спортында допинг қолдануды мемлекеттің қолдайтыны туралы есебін жариялаған. Бұл есептен соң WADA Ресей допингке қарсы агенттігінің аккредитациясын тоқтатқан. 2017 жылы 16 қарашада WADA РУСАДА-ны "ұйым кодексіне сай емес" деп, аккредитациясын қалпына келтіруден бас тартқан. Кремль бұл шешімді "әділетсіз" деп санайды. РУСАДА аккредитациясын қалпына келтіру туралы шешім қабылдау бірнеше рет кейінге қалдырылған. 2018 жылы мамырда Ресей допингке қарсы агенттігінің WADA талаптарына сай келмейтіні жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG