Accessibility links

Парижде Олег Сенцовты қолдау акциясы өтіп жатыр


Украиналық кинорежиссер Олег Сенцов. 12 мамыр 2014 жыл.
Украиналық кинорежиссер Олег Сенцов. 12 мамыр 2014 жыл.

Париждегі Ресей елшілігі алдында белсенділер украин режиссері Олег Сенцовты қолдап үзіліссіз аштық акциясын бастаған. Белсенділерге Франциядағы белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен суретшілер қолдау білдірген. Олар әр 24 сағат сайын орыс дипломатиялық миссиясы алдында бір-бірін алмастырады.

Ресейде түрмеде отырған Олег Сенцовтың аштық жариялағанына 124 күн толғанда Франция әділет министрі Кристиан Тобира тұтқынды қолдау акциясы басталғанын жариялаған. Шараны ұйымдастырушылар аштық акциясына қосылған адамдардың толық тізімін атамаған. Ресей елшілігі алдында тұтқын Сенцовқа қолдау білдіргендердің арасында режиссерлер Лоран Канте мен Паскаль Ферран болды деп хабарлайды халықаралық француз радиосы.

"Сөз бостандығы үшін күрес – осында келуіме себептердің бірі. Егер бұған қатыспасам айнадағы бейнеме қарай алмай қаламын ба деп қорықтым", - деген Лоран Канте берген France Culture-ге берген сұхбатында.


Ресей соты Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде "теракт ұйымдастырмақ болған" деген айыппен 2015 жылғы тамызда 20 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі. 42 жастағы Сенцов биыл мамырдың 14-інде Ресей түрмелерінде отырған барлық украиналық саяси тұтындарды босатуды талап етіп, үзіліссіз аштық жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG